Accessibility links

Беларусь соты сайлаудан кейінгі шеруде тұтқындалғандардың ісін қарайды


Беларусь президенті Александр Лукашенконың қайта сайлануына наразылық танытып, желтоқсанда тұтқындалған белсенділердің соты бүгін басталады.

АҚШ пен Еуропа Одағы желтоқсанның 19-ындағы сайлау нәтижесіне наразылық танытқан шерушілердің қудалануына жауап ретінде Беларусь режиміне қарсы бірқатар санциялар енгізді. Саяси оппозиция мен халықаралық бақылаушылар сайлау бұрмаланды деп айыптады.

Батыс елдері 1994 жылдан бері билікте отырған Лукашенконы қамауға алынғандарды босатуға шақырды. Бірақ Беларусь билігінің айтуынша, Минск аудандық соты оппозициялық белсенді Василий Парфенков пен сайлауда Лукашенконың қарсыласы болған төрт адамның ісін қарай бастайды. Жаппай тәртіпсіздік әрекеттеріне қатысты деп айыпталған Парфенков 8 жылға қамалуы мүмкін.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG