Accessibility links

Йеменде наразылық танытушылар үкіметті қолдаушылардан қашып құтылды


Бүгін Йеменде үкіметті қолдаушылар президент Әли Абдулла Салехтің биліктен кетуін талап етіп, жетінші күн наразылық шарасын өткізбекші болған шерушілерді қуып таратты. Полиция Сана университетіндегі наразылық танытушыларға шабуылдамақшы болған жүздеген қаруланған адамды тоқтата алмады. Кемінде 5 адам жараланды.

Қашуға мәжбүр болған наразылық танытушылар қайтадан жинала бастады деп хабарланып отыр.

Йеменде билікті қолдайтын адамдар үкіметке қарсы шерушілерге зорлық-зомбылық жасауға дайын тұр. Сәрсенбі күні елдің оңтүстігіндегі Аден қаласындағы қақтығыстар барысында бір наразылық танытушы опат болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG