Accessibility links

Бахрейндегі рейдте кемінде 4 адам қаза болды


Бахрейн полициясы көзден жас ағызатын газ бен резеңке тоқпақтың көмегімен Манама орталығындағы наразылық танытушыларды таратпақ болды. Үкімет күштері үш күнге жалғасқан наразылық шарасын тоқтатуға әрекеттенді. Рейд барысында кемінде 4 адам қаза тауып, 150-ге жуық кісі жараланды. Осы аптаның басында шерулерде 2 адам опат болған еді.

Мыңдаған адам сейсенбіден бері Манама орталығындағы алаңда жиналып отыр.

Түнгі рейдтен кейін Бахрейн астанасына ондаған әскери көлік пен танктер орналастырылды.

Оппозициялық шиттер партиясының жетекшісі Абед әл-Жалил Халил бірнеше адамның өмірін қиған қауіпсіздік рейдін "лаңкестік" деп атады.

"Дұрыс шешімдер қабылдау үшін осы қауіпті жағдайды талқылауымыз керек. Бүгін болған оқиға нағыз лаңкестік", - деді Халил.

Наразылық танытушылар елде саяси реформалардың жүзеге асыуын талап етті.

Бахрейндегі шерулер - Тунис пен Египет жетекшілері биліктен құлатылған соң Араб әлеміне жайылған саяси толқулардың бір бөлігі.

Вашингтонның стратегиялық одақтасы боп табылатын Бахрейнде АҚШ-тың бесінші әскери теңіз флоты орналасқан. Осы аптаның басында АҚШ Бахрейн халқын ұстамдылыққа шақырды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG