Accessibility links

Лужковтың әйелінің фирмасы тексерілді


Бүгін Ресей полициясы Мәскеудің бұрынғы мэрі Юрий Лужковтың әйелі Елена Батурина иелік ететін "Интеко" компаниясының кеңселерінде тексеру жүргізді.

Ішкі істер министрлігі тергеу комитетінің баспасөз хатшысы Ирина Дудукинаның мәлімдеуінше, бұл тексеру Мәскеу банкінен 13 миллиард рубльдің ұрлануына қатысты тергеу ісімен байланысты.

"Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, Батурина "тексеруге тапсырыс берілген, бұл - саяси қысымның бір түрі" деп атап көрсеткен.

XS
SM
MD
LG