Accessibility links

Египетте бұрынғы үш министр тұтқындалды


Египетте Хосни Мүбәрәктің үкіметінде министр қызметінде болған үш адам коррупциялық қылмысқа қатысы бар деген айып бойынша тұтқынға алынды. Олардың арасында елдің бұрынғы ішкі істер министрі Хабиб әл-Адли де бар.

Каир мен өзге қалаларда жаппай наразылық шерулері өткен кезде полицияға басшылық жасаған әл-Адли шерушілерге қарсы қатыгез шаралар қолданып, бейбіт шеруге шыққандардың өліміне кнәлі деген айып тағылып отыр.

Журналистер бұрынғы үш министрдің тұтқындалуын Египетте әлі сабасына түспеген наразылықты бәсеңдету үшін уақытша үкіметтің жасап жатқан әрекеті деп бағалап отыр.
XS
SM
MD
LG