Accessibility links

Бахрейнде құрбан болғандарды жерлеу кезінде наразылық туды


Бахрейнде халық наразылығын басу кезінде қайтыс болғандарды жерлеуге мыңдаған адам келді. Олар ту көтеріп шығып, үкіметке қарсы ұрандар айтты.

Ақпанның 17-сі, бейсенбі күні түнде қауіпсіздік күштері Бахрейн астанасындағы жүздеген шерушіні таратқан кезде төрт адам көз жұмып, 200-ге тарта адам жараланды.

Наразылық білдірушілер Парсы шығанағындағы елдерде саяси реформалар жүргізуді талап етеді. Халқының 70 пайызын шейіттер құрайтын бұл елдерде сүннит патшалар басқарады.

Батыс елдері АҚШ-тың Бесінші флоты орналасқан Бахрейнді қарсылық көрсетушілерге шыдамдылық танытуға шақырды.

Әскер Бахрейн астанасы Манаманың маңызды орындарын өз бақылауына алды. Тәртіп сақтау үшін азаматтардың көп болып топтасуына тыйым салынды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG