Accessibility links

Толыбай Баймурзин қазақ тілі сынағынан өтпеді


Президенттікке үміткер Толыбай Баймурзин қазақ тілін білуін анықтайтын лингвистикалық комиссия сынағынан өтпеді деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) жұма күні.

ОСК баспасөз қызметінің айтуынша, 49 жастағы үміткер жазба жұмысында 52 қате жіберген. Оның 24-і орфографиялық, 23-і пунктуациялық, 5-еуі стильдік қате. Толыбай Баймурзин Астаналық компаниялардың бірінде күзетші болып жұмыс істейді.

Конституция бойынша, президенттікке кандидат қазақ тілін еркін білуі керек. Үміткерлерді ұсыну ақпанның 20-сында аяқталады, кезектен тыс сайлау сәуірдің 3-інде өтеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG