Accessibility links

Жақсыбай Бәзілбаев президент сайлауына түсуге өтініш берді


Жақсыбай Бәзілбаев жұма күні президент сайлауына түсетіні жөнінде Орталық сайлау комиссиясына өтініш берді. Оның өзін-өзі ұсынғанын ОСК баспасөз қызметі жұма күні хабарлады.

58 жастағы Жақсыбай Бәзілбаев бұған дейін екі рет – 1998 және 2005 жылдары өткен Қазақстан президенті сайлауларына өзін-өзі ұсынғанымен, екеуінде де саяси бәсекенің соңғы кезеңіне жетпей, өз еркімен шығып кеткен.

Бәзілбаев 1998 жылғы сайлауда бәсекелесі Нұрсұлтан Назарбаевтың пайдасына сайлаудан шығатынын мәлімдеген еді.

Ал 2005 жылғы президент сайлауына да үміткер ретінде өзін-өзі ұсынып, бірақ кейіннен сайлауға қатысудан бас тартқан.

AzattyqTV

27 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG