Accessibility links

Құқық қорғаушылар: Ливияда 24 адам мерт болды


Human Rights Watch құқық қорғау ұйымы Ливияда сәрсенбі және бейсенбі күндері оппозицияның қарсылық акциясын тарату кезінде кем дегенде 24 адам көз жұмды дегенді айтады.

Билік бейсенбі күні ел астанасы Триполиде Ливия басшысы Муаммар Каддафиге қарсы жаппай шара өткізуге рұқсат бермеді. Бірақ елдегі екінші ірі қала Бенгазиде оппозициялық саясаткерлер полициямен, Каддафидің жақтастарымен қақтығысып қалып, қан төгілген. Жұма күні қалаға әскери техника енгізілді. Басқа қалаларда да шеру өтті.

Ресми Триполи қақтығыс пен оның құрбандары жайлы еш мәлімет айтпайды.
XS
SM
MD
LG