Accessibility links

Орталық сайлау комиссиясы таратқан соңғы мәлімет бойынша сайлауға қатысуға 22 адам ниет білдіріп, екеуі өтінішін қайтып алған. Қалған 20-ның 11-і қазақ тілі сынағынан өтті. Төрт үміткер тіл сынағынан бас тартты. Тіл сынағынан өткен үш адам сайлауға қатыспайтындарын мәлімдеді.




СаныАты-жөніЖасыҰсыну туралы мәліметТіркелу туралы мәлімет
1.Сәлім Өтен605 ақпан өзін-өзі ұсынды12 ақпан қазақ тілі сынағын тапсырды, 2 наурыз сайлауға кандидат ретінде тіркелмей қалды.
2.Уәлихан Қайсар466 ақпан өзін-өзі ұсынды8 ақпан тіл сынағынан өтпеді. Жоғары сотқа дейін шағымданды. 10 ақпан ОСК-на қайтара өтініш түсіріп, арызы қабылданбады.
3.Мұсағали Дуамбеков507 ақпан өзін-өзі ұсынды9 ақпан қазақ тілі сынағын тапсырды. 2 наурыз сайлауға қатысудан бас тартатынын мәлімдеді.
4.Амантай қажы Асылбек6910 ақпан өзін-өзі ұсынды12 ақпан қазақ тілі сынағына келмей қалды. 16 ақпан "Қазақ тілін жақсы білем. Сынаққа мүлдем бармаймын" деп мәлімдеме жасады. 21 ақпан ОСК үміткердің тіркелмегені туралы хабар таратты.
5.Нұрсұлтан Назарбаев7111 ақпан Нұр-Отан ХДП ұсынды11 ақпан тіл сынағынан өтіп, 18 ақпан кандидат ретінде тіркелді
6.Қанат Есжанов4912 ақпан өзін-өзі ұсынды15 ақпан тіл сынағынан өтпей қалды
7.Қанат Төрегелдиев4914 ақпан өзін-өзі ұсынды16 ақпан тіл сынағынан өтті. Наурыздың 1-і сайлауға қатысудан бас тартты.
8.Зәуре Масина6414 ақпан өзін-өзі ұсынды15 ақпан кандидатурасын алып тастады
9.Жамбыл Ахметбеков5014 ақпан Қазақстанның коммунистік халық партиясы ұсынды17 ақпан тіл сынағынан өтті, 26 ақпан кандидат ретінде тіркелді
10.Советқазы Нұрсила5615 ақпан өзін-өзі ұсынды17 ақпан кандидатурасын алып тастады
11.Толыбай Баймұрзин4915 ақпан өзін-өзі ұсынды18 ақпан тіл сынағынан өтпеді
12.Гүлдана Тоқбаева5716 ақпан өзін-өзі ұсынды 19 ақпан тіл сынағынан өтті, 2 наурыз сайлауға кандидат ретінде тіркелмей қалды.
13.Майя Қарамаева5416 ақпан өзін-өзі ұсынды 19 ақпан тіл сынағынан өтпеді
14.Адалбек Құнанбаев4316 ақпан өзін-өзі ұсынды 20 ақпан тіл сынағынан өтпеді
15.Мэлс Елеусізов6116 ақпан өзін-өзі ұсынды18 ақпан тіл сынағынан өтті, 28 ақпан кандидат ретінде тіркелді
16.Мейрамкүл Қожағұлова5017 ақпан өзін-өзі ұсынды 23 ақпан тіл сынағына келмей қалды
17.Жақсыбай Бәзілбаев5918 ақпан өзін-өзі ұсынды22 ақпан тіл сынағынан өтті. Наурыздың 1-і сайлауға қатысудан бас тартты.
18.Біржан Ділмағамбет5019 ақпан өзін-өзі ұсынды 23 ақпан қазақ тілі сынағынан бас тартты
19.Мұрат Телібеков5319 ақпан өзін-өзі ұсынды 23 ақпан қазақ тілі сынағына келмей қалды
20.Құрманғазы Рахметов4720 ақпан «Желтоқсан» қозғалысы ұсынды. 22 ақпан қазақ тілі сынағынан өтті, 2 наурыз сайлауға кандидат ретінде тіркелмей қалды.
21.Ғани Қасымов6120 ақпан Қазақстанның патриоттар партиясы ұсынды20 ақпан қазақ тілі сынағынан өтті, 28 ақпан кандидат ретінде тіркелді
22.Серік Сапарғали5920 ақпан өзін-өзі ұсынды 23 ақпан тіл сынағынан өтті, 2 наурыз сайлауға кандидат ретінде тіркелмей қалды.

Орталық сайлау комиссиясы конституция бойынша президенттікке үміткер болуға лайық деп таныған соң үміткерге қол қою парақшалары беріледі. Үміткерлер тіркелу үшін өздерін қолдайтын және 14 облыстың кем дегенде тоғызында тұратын 91 мың сайлаушының қолын өткізуі тиіс.
Жоғарыдағы тізімде тіркелген кандидаттардың есімдері қою әріптермен терілді.

Сайлаудың өту барысы

Ақпанның 5-іПрезидент сайлауына қатысуға үміткер ретінде өтініш беру басталды
Ақпанның 20-сыӨтініш беру аяқталды
Наурыздың 2-сіҮміткерлерді кандидат ретінде тіркеу мерзімі бітті
Наурыздың 3-іПрезиденттік сайлау алдындағы кандидаттардың үгіт-насихат шаралары басталды
Сәуірдің 1-і (2-сіне қараған түнгі 12-де)Үгіт-насихат шаралары тоқтатылады
Сәуірдің 3-і (07.00-20.00)Президент сайлауы өтеді
Сәуірдің 9-ына дейінСайлау қорытындысы жарияланады

Президент сайлауы сәуірдің 3-і күні жергілікті уақытпен таңғы жетіде басталып, кешкі сегізде аяқталады.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG