Accessibility links

Ливияның «революциялық комитеттері» оппозицияны қорқытпақ болды


Ливия басшысы Муаммар Каддафидің сүйеніші – революциялық комитеттер оппозиция шерулеріне қатысушыларға доқ көрсетті.

Олар Ливия билігінің қарсыластары «отпен ойнап жүр» деп мәлімдеп, оппозицияның бұл ісі «өздерін-өздері өлтіру» деп бағалады.

Каддафидің жақтастары мен полиция бейсенбі күні ел астанасы Триполиде билікке қарсы шеру өткіздіртпей қойған еді. Бірақ Ливияның солтүстігіндегі Бенгази сияқты қалаларда халық көшеге шыққан. Құқық қорғаушылардың айтуынша, сол кезде қақтығыс болып, 24 адам көз жұмған.
XS
SM
MD
LG