Accessibility links

Ливияда толқулар жалғасып жатыр


Оппозициялық белсенділердің айтуынша, наразылық танытушылар Бенгазиден 200 шақырым жердегі Әл Байда қаласын өз бақылауына алу үшін үкімет күштерімен қақтығысқан. Аурухана өкілдерінің мәліметінше, соңғы екі күннің ішінде кемінде 23 наразылық танытушы қаза болып, жүздеген адам жараланған.

Бенгазиде осы аптада қауіпсіздік күштері тарапынан өлтірілген 15 адамның жерлеу рәсіміне жиналған наразылық танытушылар полициямен қақтығысқан.

Ливиядағы шерушілер 1969 жылдан бері елді басқарып келе жатқан Муаммар Каддафидің биліктен кетуін талап етті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG