Accessibility links

АҚШ Израиль қоныстарын айыптайтын қарарға вето қойды


БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің Палестина жерінде Израиль қоныстарын айыптау туралы қарарына АҚШ вето қойды. Кеңестің қалған 14 мүшесі аталмыш қарар жобасын қолдап дауыс берді.

БҰҰ-дағы АҚШ елшісі Сьюзан Райстың мәлімдеуінше, вето АҚШ Израильдің қоныстарды кеңейту әрекеттерін қолдайды дегенді білдірмейді.

Палестиналықтардың айтуынша, Араб елдері әзірлеген қақарға АҚШ-тың вето қоюы бейбітшілік ісіне кері әсер етіп, Израильдің өз міндеттемелерін орындаудан бас тартуына мүмкіндік береді.

Ұлыбритания, Франция және Германия атынан сөйлеген британиялық елші Марк Раял Грант Батыс жағалаудағы Израиль қоыстарын айыптады.
XS
SM
MD
LG