Accessibility links

Алжирде наразылық шарасы өтті


Алжирден келіп түскен хабарларға қарағанда, сенбі күні ел астанасында 500-ге жуық адам батылдық көрсетіп, орталықтағы алаңда шеру өткізбек болған. Бірінші мамыр алаңына баратын барлық жолдар жабылып, барикадалар қойылуына байланысты олар алаңға жете алмаған. Бірақ бірнеше наразылық танытушы алаңға шығып, Алжир режиміне қарсы ұрандар айтты.

Осыдан бір апта ұрын демократияшыл шеруге мыңдаған полиция қызметкері кедергі жасаған болатын. Солтүстік Африкадағы Алжир үкіметі елде соңғы 19 жыл бойы күшінде болып келген төтенше жағдай тәртібі ақпан айының соңына дейін жойылатынын мәлімдеді. Өткен айда Алжирде азық-түлік бағасының қымбаттауына байланысты бескүндік толқулар болып, үш адам опат болды.
XS
SM
MD
LG