Accessibility links

Израил Каирдың Иран кемелеріне қатысты әрекетін «арандатушылық» деп санайды


Израил Иранның Жерорта теңізіндегі Суэцк каналы арқылы әскери кемелерін Сирияға қарай өткізу жоспарын сынап, наразылық танытты.

Бүгін Израил сыртқы істер министрі Бениамин Нетанияху Иран бұл әрекеті арқылы Египеттегі тұрақтылыққа қауіп төндіріп, аймақтағы өз ықпалын арттырғысы келіп отыр деп атап көрсетті.

Мұның алдында ғана Суэцк каналындағы басқару компаниясының өкілдері әскери кемелер қазір кезек күтіп тұр, каналдан дүйсенбі күні өтеді деп мәлімдеп, «кемелер өтіп кетті» деп Ираннан берілген хабарларды жоққа шығарды.

Египет билігі 1979 жылғы Ирандағы ислам революциясынан бері бірінші рет Суэцк каналы арқылы Иран кемелерінің өтуіне рұқсат беріп отыр, Израил мұны "арандатушылық" деп атады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG