Accessibility links

Ғани Қасымов сайлауға түсуге өтініш берді


Қазақстанда мерзімінен бұрын өткелі отырған президент сайлауына қатысуға парламент сенатының депутаты Ғани Қасымовтан өтініш түскені турасында жексенбі күні Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі хабарлады.

Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына қарағанда, Ғани Қасымовтың кандидатурасын ол жетекшілік ететін "Қазақстан патриоттары" партиясы ұсынған.

Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі үміткер Ғани Қасымовтың қазақ тілі сынағынан да өткендігін хабарлап отыр.

Сенатор Қасымов 1999 жылы да президент сайлауына түскен болатын, ресми деректер бойынша ол жолы кандидатты жақтап сайлаушылардың 4,6 пайызы дауыс берген.

Қазақстан президентінің сайлауы 3 сәуірде өтеді деп белгіленген, бүгін сайлауға қатысқысы келетіндерден өтініш қабылдайтын ең ақырғы күн.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

XS
SM
MD
LG