Accessibility links

АҚШ пен Сауд Арабиясы Бахрейн билігінің оппозициямен келіссөз өткізуін қолдайды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтон мен Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі Сауд аль-Файсал ханзада Бахрейн билігінің оппозициямен келіссөз өткізуін қолдауға келісті.

АҚШ мемлекеттік департаментінің хабарлауынша, телефон арқылы әңгімелескен кезде Сауд Арабиясының сыртқы істер министрі әскер мен арнайы техниканың Бахрейн астанасы Манамадан, шерушілер жиналған жерден кетуін талап еткен.

Бахрейндегі толқу Египет пен Тунистегі ел басшыларын қызметтен кетірген оқиғалардан кейін үдеді.
XS
SM
MD
LG