Accessibility links

Қазақстан президентіне үміткерлердің сайлау алды үгіті 3 наурызда басталады


Қазақстан президентіне үміткерлердің бұқаралық ақпарат құралдары арқылы іске асатын сайлау алды үгіті 3 наурызда басталады деп хабарлады Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов.

Қуандық Тұрғанқұлов «үгіт материалдарын шығару тек сайлау қорларының есебінен төленуі керек» деп ескертті. Оның айтуынша, биыл әр кандидаттың үгіт-насихат жұмысына 6,2 миллион теңге бөлінеді. 2005 жылы 5,8 миллион теңгеден бөлінген болатын.

Үміткерлердің ақырғы тізімінде 14 адам қалды. Олардың біреуі ғана президенттікке кандидат болып тіркелді. Ол – қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаев. Алты үміткер қазақ тілінен емтихан тапсыруы керек.
XS
SM
MD
LG