Accessibility links

Судан президенті ендігі сайлауға қатыспайды


Судан билігі президент Омар Хассан әл-Баширдің алдағы президент сайлауына қатыспайтынын мәлімдеді. Билік партиясының мүшесі Рабие Абделатидің Рейтер агенттігіне хабарлауынша, қазіргі президент төрт жылдан кейін өтетін президент сайлауына қатыспайды.

Бұл шешім елді демократияландыру туралы реформаларға байланысты қабылданғанын айтады билік өкілі. Омар Хассан әл-Башир - Халықаралық қылмыстық сот тарапынан Дарфурдағы соғыс кезінде қылмыс пен геноцидке кінәлі деп айыпталған жалғыз ұлттық көсем. Өзі ол айыптарды жоққа шығарады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG