Accessibility links

Йемен президенті Али Абдалла Салех: Сайлауда жеңілсем ғана ғана кетемін


Шерушілер қызметтен кетсін деп талап қойып жатқанда Йемен президенті Али Абдалла Салех сайлауда жеңілсе ғана кететінін мәлімдеді.

Елді 30 жылдан аса билеп келе жатқан Салех бұған дейін 2013 жылы өтетін сайлауға қатыспайтынын мәлімдеген.

Йемен президентінің қызметтен кетуін талап еткен шеру бір аптадан бері жалғасып жатыр. Дүйсенбі күні елдің оңтүстігіндегі Аден қаласында қауіпсіздік күштерімен қақтығыс кезінде бір шеруші қаза болды. Наразылық шарасы басталғаннан бері 12 адам мерт болды.
XS
SM
MD
LG