Accessibility links

Қазақстан президенттігінен үміткер екі адам тіркелмеді


Орталық сайлау комиссиясы өздерін-өздері ұсынған үміткерлер - тарих пәнінің оқытушысы Адалбек Құнанбаев пен "Аттан Қазақстан" қозғалысының басшысы Амантай қажы Асылбекті тіркеуден бас тартты. Адалбек Құнанбаев қазақ тілі сынағынан өтпеген, Амантай қажы Асылбек ол сынаққа келмей қалған.

Ал сенатор Ғани Қасымовтың кандидатурасы Конституция талабына сай деп танылып, оған қол жинау парағы берілді.

Үміткерлердің ақырғы тізімінде 14 адам қалды. Олардың біреуі ғана президенттікке кандидат болып тіркелді. Ол – қазіргі президент Нұрсұлтан Назарбаев. Алты үміткер қазақ тілінен емтихан тапсыруы керек, енді біраз үміткер сайлаушылардың қолын жинауы керек.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG