Accessibility links

Муамар Каддафи ұлттық телеарна арқылы мәлімдеме жасады


Ливия басшысы Муамар Каддафи. 19 ақпан 2011 жыл.

Ливия басшысы Муамар Каддафи. 19 ақпан 2011 жыл.

Ливия басшысы Муамар Каддафи мемлекеттік телеарнадан сөйлеп, өзі жайлы тараған «Венесуэлаға қашып кетті» деген сыбысты жоққа шығарды.

«Мен Триполидемін, Венесуэлада емеспін» деп мәлімдеген Каддафи жұртты тәуелсіз телеарналардың хабарларына сенбеуге шақырды.

Бұған дейін Ливияның БҰҰ-дағы және бірқатар шет мемлекеттердегі дипломаттары Муамар Каддафиді елде қантөгісті тоқтатып, биліктен бас тартуға шақырған еді.

Дүйсенбі күні ел астанасы Триполиде көшеге шыққан шерушілерді Ливияның әскери ұшақтары атқылап, көптеген адам қаза тапты деген ақпараттар айтылып отыр.
XS
SM
MD
LG