Accessibility links

Қазақстан президенті Қытай іскерлерімен кездесті


Қытайға мемлекеттік сапармен барған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастаған қазақстандық делегация сейсенбі күні Қытайдың іскер өкілдерімен кездесті.

Бұл жолғы сапар кезінде ел арасындағы бірқатар экономикалық келісімдерге қол қойылмақшы.

Атап айтқанда, Қазақстан мен қытайлық «Гуандонг Нуклиар Пауэр» компаниясы арасында қазақ уранын Қытайға сату туралы ұзақ мерзімге арналған келісім құны бірнеше миллард долларға бағаланған.

Сонымен бірге, тараптар Қытайдың экспорт-импорт банкінен Атырау мұнай өңдеу зауытының құрылысына бір миллиард доллар бөлу жоспарына қатысты келісім жасайтыны хабарланып отыр.

Көрші екі ел арасындағы сауда қатынасының көлемі былтыр 20 миллиард доллардан асқан. Ресей сияқты, Қытай да Қазақстанмен ең ірі экспорттық және импорттық байланыс орнатқан әріптес елге айналып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG