Accessibility links

Кот д'Ивуарда шеруге оқ атылып, алты адам мерт болды


Кот д'Ивуар мемлекетінің астанасы Абиджанда шеруге шыққандарға әскерилер оқ атып, кемінде алты кісі қаза болды.

Куәгерлердің айтуынша, әскерилер елде билік басында отырған президент Лоран Гбагбоны былтыр өткен сайлауда жеңген саяси бәсекелесі Алассан Уаттараның жақтастарына оқ жаудырған.

Бұл елде былтыр қарашада өткен президент сайлауынан бері саяси дағдарыс қалыптасып отыр.

Африка елдерінің басшылары Гбагбоны өз еркімен биліктен кетуге көндіруге тағы да талпынып көрмекші.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG