Accessibility links

Жаңа Зеландиядағы зілзаладан ондаған адам опат болды


Ресми өкілдердің мәлімдеуінше, бүгін Жаңа Зеландияның оңтүстігіндегі Крайстчерч қаласында болған зілзаладан кемінде 65 адам қаза тапты. Жаңа Зеландия премьер-министрі Джон Кейдің айтуынша, құрбан болғандардың саны бұдан да көп болуы мүмкін.

Рихтер көрсеткіші бойынша 6,3 балға жеткен жер сілкінісі салдарынан ғимараттар қираған. Бұл - соңғы бес ай ішінде Крайстчерчте тіркелген екінші ірі зілзала. Қыркүйек айындағы жер сілкінісі 7,1 балға жеткен болатын.
XS
SM
MD
LG