Accessibility links

БҰҰ Ливияда халықаралық тергеу жүргізуге шақырды


БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша жоғарғы комиссары Нави Пиллай Ливиядағы зорлық-зомбылыққа қатысты халықаралық тергеу жүргізуге шақырды. Пиллай Ливиядағы қантөгісті айыптап, "жүйелі түрде қарапайым халыққа шабуылдау адамзатқа қарсы жасалған қылмыс деп есептелуі мүмкін" деп атап көрсетті.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның мәлімдеуінше, ол Ливия жетекшісі Муаммар Каддафимен телефон арқылы сөйлесіп, наразылық танытушыларға жасалып жатқан зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырған.

Елді 42 жылдан бері басқарып келе жатқан Каддафиге қарсы наразылық танытушыларды басып-жаншу барысында жүздеген адам қаза тапты.

Қауіпсіздік кеңесі бүгін Ливиядағы дағдарысты талқылайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG