Accessibility links

Жақсыбай Бәзілбаев тіл сынағынан өтті


Президент сайлауына түсуге ниет білдірген Жақсыбай Бәзілбаев қазақ тілі сынағынан өтті деп хабарлады лингвистикалық комиссияның төрағасы Мырзатай Жолдасбеков.

58 жастағы Жақсыбай Бәзілбаев - жемқорлыққа қарсы республикалық комитеттің төрағасы. Ол бұған дейін екі рет – 1998 және 2005 жылдары өткен Қазақстан президенті сайлауларына өзін-өзі ұсынғанымен, екеуінде де саяси бәсекенің соңғы кезеңіне жетпей, өз еркімен шығып кеткен. Бәзілбаев 1998 жылғы сайлауда бәсекелесі Нұрсұлтан Назарбаевтың пайдасына сайлаудан шығатынын мәлімдеген еді. Ал 2005 жылғы президент сайлауына да үміткер ретінде өзін-өзі ұсынып, бірақ кейіннен сайлауға қатысудан бас тартқан.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы сәуірдің 3-інде өтеді.
XS
SM
MD
LG