Accessibility links

Каддафи қызметінен кетпейтінін айтты


Ливия басшысы Муаммар Каддафи биліктен кетпейтінін мәлімдеді. Бұл туралы ол сейсенбі күні мемлекеттік телеарнадан сөйлеген сөзінде айтты.

Ливияда Каддафидің 42 жылдық билігіне наразылық танытып, шеру ұйымдастырғандарды басып-жаншу барысында жүздеген адам қаза тапты. Каддафи наразылық танытушыларды "есірткі қолданатындар" деп атады.

БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның мәлімдеуінше, ол Каддафимен телефон арқылы сөйлесіп, наразылық танытушыларға жасалып жатқан зорлық-зомбылықты тоқтатуға шақырған.

AzattyqTV

Атыраудағы Наурыз

"Киіз үйге кіргізбеді"

XS
SM
MD
LG