Accessibility links

Жаңа Зеландияда зілзаладан опат болғандар саны 75-ке жетті


Зілзаладан бүлінген Крайстчерч қаласындағы ғимараттардың бірі. 22 ақпан 2011 жыл.

Зілзаладан бүлінген Крайстчерч қаласындағы ғимараттардың бірі. 22 ақпан 2011 жыл.

Жаңа Зеландияның оңтүстігіндегі Крайстчерч қаласында сейсенбіде болған зілзаладан кемінде 75 адам қаза тапқаны анықталды.

Қала мэрі Боб Паркердің айтуынша, хабарсыз кеткен 300-дей адам қирандылардың астында қалып қоюы мүмкін. Жүздеген адам жараланған. Қазір құтқарушылар зілзаладан құлаған кеңсе ғимаратында қалған 15 адамды алып шығуға әрекет жасап жатыр.

Рихтер көрсеткіші бойынша 6,3 балға жеткен жер сілкінісінен соң қалада төтенше жағдай жарияланды.

Бұл - соңғы бес ай ішінде Крайстчерчте тіркелген екінші үлкен зілзала. Былтыр қыркүйек айындағы жер сілкінісінің күші 7,1 балға жеткен болатын.
XS
SM
MD
LG