Accessibility links

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Ливия билігін зорлық-зомбылықты дереу тоқтатуға шақырды


БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысы. БҰҰ-ның штаб-пәтері, Нью-Йорк.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысы. БҰҰ-ның штаб-пәтері, Нью-Йорк.
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі шерушілерге қарсы қару қолданған Ливия басшылығының ісін айыптап, зорлық-зомбылықты дереу тоқтатуға шақырды.

Сонымен бірге Қауіпсіздік кеңесі Ливия билігінен шетелдіктердің қауіпсіздігіне кепілдік беруді және үкімет күшінің іс-әрекетінен жараланғандарға гуманитарлық ұйымдар қызметкерлерінің жолығуын қамтамасыз етуді сұрап отыр.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Муаммар Каддафимен ат құйрығын кесісетіндерін мәлімдеген ливиялық дипломаттардың өтініші бойынша жиналып, ол елдегі жағдайды талқылаған еді. Ливия дипломаттары өз Отандарына БҰҰ-ның бейбітшілік күшін жіберу туралы өтініш айтты.

Қауіпсіздік кеңесінің отырысынан соң ливиялық дипломаттардың бірі Каддафидің мемлекеттік телеарна арқылы кеше берілген үндеуінен соң елдегі жағдайға байланысты алаңдаушылық "бұрынғыдан бетер күшейе түскенін" мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG