Accessibility links

Перу Ливиямен дипломатиялық байланыстарын үзетінін мәлімдеді


Перу президенті Алан Гарсиа өз елінің Ливиямен дипломатиялық қатынасты үзетіні туралы мәлімдеме жасады.

Ол екі ел арасындағы байланыстар тек "халыққа қарсы зорлық-зомбылық тоқтатылған соң" қалпына келеді деп үміттенетінін айтты.

Бұған дейін Араб елдері лигасының басшысы Әмір Мұса "Ливия билігі өз еліндегі жағдайға байланысты халықаралық қауымдастықтың талабына құлақ аспаса, Ливия делегациясы лиганың жұмысына қатыса алмайды" деп мәлімдеген болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG