Accessibility links

Құрманғазы Рахметов пен Жақсыбай Бәзілбаев Конституцияға сәйкес деп танылды


Орталық сайлау комиссиясы «Желтоқсан» қозғалысының белсендісі Құрманғазы Рахметов пен коррупцияға қарсы халықтық комитеттің төрағасы Жақсыбай Бәзілбаевты Конституция мен «Сайлау туралы» заң талаптарына сәйкес келеді деп таныды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешов хабарлады.

Сейсенбі күні Рахметов пен Бәзілбаев қазақ тілінен сынақты сәтті тапсырып шыққан еді.

Сәуірдің 3-інде өтетін Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауына кандидаттарды тіркеу наурыздың 2-сі күні аяқталады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG