Accessibility links

Бахрейн кей саяси тұтқындарды босатты


Бахрейн билігі лаңкестікке қатысы бар деп айыпталған 23 шиит белсендісін қамаудан босатып, шетелдегі екі белсендіге рақымшылық жасады.

Парламенттегі оппозиция мүшесінің айтуынша, жалпы 100 тұтқын азат етілген бірақ ондаған адам әлі түрмеде қалып отыр. Сәрсенбі күні босатылғандардың 21-і кәдімгі қылмыскерлер деді ол.

Бахрейндегі наразылық танытушылар саяси тұтқындарды босатуды талап етіп келеді. Өткен аптада шерулер барысында 7 адам қаза тауып, жүздеген кісі жарақат алған болатын.

AzattyqTV

Екінші Елизавета

91 жастағы патшайым

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG