Accessibility links

Назарбаевтың Қытайға сапары аяқталды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға үшкүндік мемлекеттік сапары бүгін аяқталды деп хабарлайды "ҚазТАГ" агенттігі.

Сапар барысында екі ел арасында бірқатар келісімдерге, оның ішінде экономикалық ынтымақтастық пен трансшекаралық өзендердегі сулардың сапасын қорғау туралы құжаттарға қол қойылған. Сонымен қатар Астана-Алматы жылдамдығы жоғары теміржол магистралінің құрылысын салу бойынша ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Бұған қоса, «Қазатомпром» мен Қытайдың Гуандун ядролық-энергетикалық корпорациясы арасында индустриалдық қаржылық қорға қатысуға байланысты өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды деп хабарланды.

Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда қатынасының көлемі былтыр 20 миллиард доллардан асқан.
XS
SM
MD
LG