Accessibility links

Ливия астанасында атыс болды


Бүгін Триполиде атыс болды деп хабарланып отыр. Ливия басшысы Муаммар Каддафи үкіметке қарсы наразылық шараларын тоқтатуға көмектесу үшін өз жақтаушыларын жеке шеру өткізуге шақырды. Триполи тұрғындары Каддафидің күштері көшелерде оқ жаудырып жатқандықтан өз үйлерінен шығуға қорқып отырғандарын айтты.

Бұл уақытта үкіметке қарсы шерушілер елдің шығысындағы бірнеше қаланы өз бақылауына алғанын хабарлады. Бірқатар ливиялық дипломаттар Каддафиге қарсы шықты.

Ливияның Австриядағы елшілігі "бейбіт наразылық танытушыларға қарсы күш қолданылғанын" айыптап, Ливия халқының мүддесін қорғайтынын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG