Accessibility links

Екі қазақстандық азамат Ливиядан эвакуацияланды


Қазақстанның екі азаматы Ресей ұшағымен Ливиядан шығарылды деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің өкілі Асқар Абрахманов. Оның мәлімдеуінше, қазақстандықтар сәрсенбі күні таңертең Триполиден ұшып кеткен.

Бұдан бұрын Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Ресей, Түркия және Украина елдеріне қайырылып, қазақстандық азаматтарды эвакуациялауға көмектесуді сұраған болатын деді Абдрахманов.

Ресми мәліметтерге қарағанда, Қазақстанның Ливияда консулдығында 21 қазақстандық азамат тіркелген.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG