Accessibility links

Жаңа Зеландиядағы зілзаладан соң жүздеген адам хабарсыз кетті


Зілзаладан соң. Крайстчерч қаласы, Жаңа Зеландия. 22 ақпан 2011 жыл.

Зілзаладан соң. Крайстчерч қаласы, Жаңа Зеландия. 22 ақпан 2011 жыл.

Жаңа Зеландияның оңтүстігіндегі Крайстчерч қаласында сейсенбіде болған зілзаладан кейін жүздеген адам хабарсыз кетті.

Полицияның хабарлауынша, жергілікті телекомпания ғимаратының қирандысы астында 120-дай адам қалып қоюы мүмкін. Ғимарат құлап түскен соң өртке оранған.

Әзірге зілзала салдарынан қаза тапқан 76 адамның денесі табылған. Қаланың көп бөлігі жарықсыз қалды.

Жаңа Зеландияда бұған дейін адам шығыны көп зілзала 1931 жылы болған, ол жолы 256 адамның өмірі қиылған еді.
XS
SM
MD
LG