Accessibility links

Сауд Арабиясы еңбекақы мен әлеуметтік төлемдердің мөлшерін көбейтті


Сауд Арабия королі Абдолла шенеуніктерге әлеуметтік төлемдер мөлшері мен мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы көбейтіліп, тұрғын үй несиесі бағдарламасына бөлінетін қаржының ұлғайтылатыны туралы мәлімдеді.

Сонымен бірге король бірқатар тұтқынға рақымшылық беріп, үкіметте ауыс-түйіс жасауға уәде етті.

Денсаулық жағдайына байланысты үш ай елінде болмаған король Абдолла Сауд Арабиясына қайта оралғанда аймақтағы елдерді жаппай толқулар шарпып, кейбір мемлекеттерде түбегейлі өзгерістер болып үлгерген еді.

Король Абдолла еліне келе сала Бахрейн королімен келіссөз өткізді. Ол елде үкіметке қарсы наразылық бір аптадан бері жалғасып жатыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG