Accessibility links

Ресей делегациясы Брюссельде жүр


Премьер-министр Владимир Путин жетекшілігіндегі ресейлік делегация Еуропа Одағымен сауда және энергетикалық мәселелерді талқылау үшін бүгін Брюссельге барды. Путин Еуропа комиссиясының басшысы Жозе Мануэль Баррозумен кездеседі.

Экономикасы мықты елдердің арасында Ресей - ғаламдық сауда ережелерін бақылайтын Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше емес жалғыз мемлекет.

Еурокомиссияның айтуынша, келіссөздер барысында Ресейдегі адам құқықтары мен демократия жағдайына байланысты алаңдаушылықтар да көтеріледі.

Ресми Мәскеу Ресей мен Еуропа Одағы арасындағы виза тәртібінің жойылуын көздейді. Келіссөздерден кейін бірлескен баспасөз мәслихаты өтеді.
XS
SM
MD
LG