Accessibility links

Ирландияда кезектен тыс парламент сайлауы өтіп жатыр


Бүгін Ирландияда кезектен тыс парламент сайлауы өтіп жатыр.

Бұл сайлау парламенттегі 165 орын үшін бәсекеге түскен 566 үміткердің арасында тәуелсіз кандидаттардың көптігімен ерекшеленіп отыр.

Қоғамдық сауалнама нәтижесі бойынша, сайлауда оппозициялық "Фине Гэл" партиясының мерейі үстем шығуы мүмкін.

Қаржы дағдарысына тап болған Ирландияның коалициялық үкіметі Еуропа одағы мен Халықаралық валюта қорынан жедел көмек сұрап, 85 миллиард доллар қарыз алған соң ел ішінде беделін түсіріп алған еді. Қарызды қайтару үшін үкімет бірнеше жыл бойы экономикада қатаң саясат жүргізуі тиіс.

Ақыр соңында коалициялық үкімет тарап, премьер-министр Брайан Коуэн билік басындағы "Фианна Файл" партиясы жетекшілігінен кетуге мәжбүр болған.
XS
SM
MD
LG