Accessibility links

Франция президенті Түркияға барады


Франция президенті Николя Саркози бүгін Анкараға сапары барысында Түркия жетекшілерімен кездеседі.

Саркози Түркияның Еуропа Одағына мүше болуына қарсы. Бірақ бұл мәселе жұма күнгі келіссөздер барысында көтерілмеуі мүмкін. Франция президентінің Анкараға сапары тек бірнеше сағатқа ғана созылады.

Түркия басшылары Саркозидің Анкарада аз уақыт болуына байланысты көңілдері қалғанын айтты.

Бұл - Саркозидің 2007 жылы президент болып сайланғаннан бері Түркияға жасап отырған алғашқы сапары.

AzattyqTV

30 наурыз

AzatNews

XS
SM
MD
LG