Accessibility links

ЕҚЫҰ төрағасы Қазақстанға келеді


Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қазіргі төрағасы Литва сыртқы істер министрі Аудрониус Азубалис алдағы аптада Қазақстан мен Қырғызстанға келіп, ЕҚЫҰ жұмысын талқылайды.

Аталмыш ұйымның вебсайтындағы мәліметке сәйкес, ақпанның 28-де басталатын екікүндік сапары барысында Азубалис Қазақстанның жоғары лауазымды ресми өкілдерімен, сонымен қатар саяси партиялар мен азаматтық қоғам өкілдерімен кездеседі.

Қырғызстанға сапары барысында Азубалис өткен жазда этникалық қақтығыстар болған Ош қаласына барып, қала әкімімен және жергілікті қауымдастық өкілдерімен жүздеседі.

AzattyqTV

Астанадағы зират

Элитаға пантеон керек пе?

XS
SM
MD
LG