Accessibility links

Ресей Бангладештің алғашқы атом электр стансасын құрмақ


Ресей Бангладештің алғашқы атом электр стансасын құруға келісті. Бангладеш білім министрлігінің хабарлауынша, екі елдің ресми өкілдері бейсенбі күні кешке Даккада келісімге қол қойған.

Ресей Бангладешті 2 мың мегаватт электр қуатын шығаратын екі реактормен қамтамасыз ететін болады. Атом электр стансасының құрылысы 2018 жылы аяқталып, оған 1,5 миллиард доллар жұмсалмақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG