Accessibility links

Тунис, Йемен, Бахрейн, Иорданияда шеру өтті


Тунис, Йемен, Бахрейн, Иордания елдерінде ондаған мың адам көшеге шығып, саяси реформаларды талап етті.

Йемен астанасы Сана мен Аден қаласында ондаған мың адам шеруге қатысып, президент Әли Абдулла Салехтің биліктен кетуін талап етті. Осы айдағы қақтығыстар барысында 15 адам қаза тауып, ондаған кісі жараланды.

Тунистегі наразылық танытушылар уақытша үкіметтегі премьер-министр Мохамед Ганнушидің қызметінен кетуін талап етті. Тунисті ұзақ жылдар бойы басқарған президент Зин әл-Әбидин Бен Әли елден қашып, Сауд Арабиясын паналаған еді.

Бахрейн астанасы Манамада режимге қарсы шерулердің жалғасып жатқанына - 12 күн. Өткен аптада бұл елдегі қақтығыстардан 7 адам опат болған еді.

Иордания астанасы Амманда оппозиция белсенділері билік орындарын саяси реформаларды жүзеге асыруға шақырды.
XS
SM
MD
LG