Accessibility links

Ирақтағы шеруден кейін әл-Систани қоғамдық қызметті жақсартуға шақырды


Ирақтың рухани көсемі саясаткерлерді өз пайдасын ойлай берместен, қоғамдық қызметтерді жақсартуға шақырды. Бұл туралы Аятолла Әли әл-Систани жұма күнгі наразылық шарасынан кейін мәлімдеді.

"Ашу күні" деп аталған шерулер барысында кемінде 5 адам қаза болды. Әл-Систанидің айтуынша, үкімет электр қуатымен қамтамасыз етуде, мұқтаж болғандарға азық-түлік беруде, жұмыс орнын құруда және жемқорлықпен күресте алғабасушылық жасаған. Ол Ирақ жетекшілеріне берілетін жеңілдіктерді қысқартуға шақырды.
XS
SM
MD
LG