Accessibility links

Ирақта мұнай зауытындағы шабуылдан 4 адам қаза болды


Бүлікшілер бүгін Ирақтың ең ірі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасап, 4 жұмысшыны өлтірді. Бағдадтың солтүстігіндегі Баижи қаласындағы зауытта бомбалар жарылып, өрт басталған. Өртті сөндіру үшін шамамен 5 сағат уақыт кетті.

Бұл зауытта күніне 150 мың баррель мұнай шығарылады. Жергілікті әкімнің айтуынша, шабуыл нәтижесінде мұнай өңдеу зауыты жабылған.
XS
SM
MD
LG