Accessibility links

Тунистегі қақтығыстан кемінде 3 адам қаза тапты


Тунис астанасында болған соңғы бас көтерулерден кемінде үш адам қаза болған.

Хабарларға қарағанда, бейбіт шерушілер уақытша үкіметке қарсы наразылық шарасын өткізіп шыққанда, бірқатар ғимараттар талқандалып, өрт қойылған. Полиция тәртіпсіздік жасады деген күдікпен 100 шақты кісіні қамауға алған.

Жексенбіге қараған түнде полиция тікұшақтармен көшені бақылауда ұстап, бірнеше оқ атылған.

Тунисте өткен айда президент Зин Әбидинді биліктен кетірген толқулар Таяу шығыс елдерінде үкіметке қарсы шерулерге түрткі болды.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG