Accessibility links

Иран Бушерден ядролық отынын шығаруда


Иран сенбі күні Ресей салып берген Бушер ядролық зауытындағы отындарын шығарып жатқанын айтқан.

БҰҰ Атом істері жөніндегі агенттігіндегі Иран өкілі Али Асғар Солтани ИСНА ақпарат агенттігіне берген сұқбатында, мұндай шешімге келуге Бушер атом зауытының жұмысын толығымен аяқтауға жауапты болған Ресейдің ұсынысы негіз болды деген.

Құрылысы 1970 жылдары Ресеймен басталған Бушер атом электр стансасы жақында ғана ашылған болатын. Иран қаңтар айында Бушерден электр қуатын өндіру сәуір айында басталады деп айтқан.
XS
SM
MD
LG