Accessibility links

Бахрейнге шийттердің оппозициялық жетекшісі оралды


Сенбі күні шетелде қуғында жүрген диссидент шийт Хассан Мушаймаа елдегі оппозициялық қозғалысқа қосылу үшін Бахрейнге оралды. Олар сүнниттер жетекшілік ететін Бахрейн билігінен демократиялық жүйені қабылдауды талап етіп отыр.

Мушаймаа Лондонда орналасқан "шийт хақ" қозғалысының жетекшісі болған.
Ол Бахрейнге келгенде берген сұқбатында, билікпен диалог құру, уәдесін алу жеткіліксіз деп, тезарада саяси реформалар жасауға шақырды.

Алғашында Мушаймаа Бахрейнге өткен дйүсенбі келмекші болған, бірақ Ливан билігі оның төлқұжатын уақытша тартып алып, оған халықаралық іздеу жарияланғанын айтқан.

Бұл тұста Манамада он мыңдаған адам көшеге шығып, толқулар күшейіп кетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG