Accessibility links

АҚШ Ирандағы қоғам белсенділерін «қорқытып-үркіту науқанын» айыптады


АҚШ Иран үкіметінің елдегі қоғам белсенділері мен студенттер жетекшілеріне, журналистер және блогшыларға қарсы жүргізіп отырған «қорқытып-үркіту науқанын» айыптады.

Ақ үйдің мәлімдемесінде Иран билігінің ел азаматтарын ақпарат алу еркіндігінен айырып, хабар таратушы спутниктерді тұншықтырып, интернет-сайттарға тосқауыл қойып отырғаны айтылған.

Бұған дейін үйқамақта отырған Иран оппозициясының жетекшілері Мир Хоссейн Мусави мен Мехди Кароубиді отбасымен бірге белгісіз жаққа алып кеткені туралы ақпарат тарады.

Жексенбі күні Иранның бұрынғы президенті Мохаммад Хатами ел үкіметін оппозиция жетекшілерін босатуға шақырған еді. Реформашыл жетекші Хатами Иранды 1997 жылдан 2005 жылға дейін басқарған.

Ал үкіметке жақын топтар биліктен Мусави мен Кароубиді тергеп, жазалауды сұрап отыр.
XS
SM
MD
LG